Этапы развития исторической науки

1.1 Электрлі орталықтандыру жүйелерінің жұмыс бағыты

Қазіргі кезде ЭО негізгі түрі болып бұрма мен бағдаршамдардың релелік орталықтандырылуы табылады, онда басқару объектілердің бақылау мен басқару үшін пойыз қозғалысының қауіпсіздігі бойынша талаптарды орындайтын жоғары сенімділікті релелік аппаратурасын қолданады. Техникалық пайдалану ережелерінің (ТПЕ) талаптарына сай релелік орталықтандыру бос емес жолға орнатылған маршрут кезіне кіру бағдаршамның ашылуын; бұрмалар керекті күйге қойылмаса, ал жалған маршруттардың сигналы ашық болса, берілген маршрутқа сай сигналдардың ашылуын; орнатылған маршрутты шектейтін ашық сигнал кезінде жалған маршруттың сигналының ашылуын немесе маршрутқа кіретін бұрманың ауысуын болдырмайды.

Пойыздарды қабылдау, жөнелту бойынша пойыздық жұмыс және бекет көлеміндегі маневрлік жұмыс жүзеге асырылатын аралық пен телімдік бекеттерде бұрма мен бағдаршамдардың орталықтандырылған басқару үшін техникалық құрылғылар енгізіледі. Бұл құрылғылар бұрма мен бағдаршамдардың электрлі орталықтандыру (ЭО) деп аталады.

ЭО құрылымына басқару аппараты, релелік аппаратура, қоректендіру көздері, бұрмалық электрлі жетектері, бағдаршамдар, электрлі РТ, кабельді желілер кіреді. Бұрмалар, сигналдар санына және қозғалыс өлшеміне байланысты бекеттерде релелік орталықтандыру жүйелерінің бірнеше түрлерін қолданады.

Электрлі орталықтандыру жүйесі дамуының анализінен келесі негізгі бағыттарды бөліп шығаруға болады:

- бұрма мен сигналдардың электрлі орталықтандыру жүйелері шешетін эксплуатациялық мәселелердің кеңейуі мен жаңартылуы;

- техникалық құралдардың модернизациясы (одан да сенімді мен экономды электромагнитті релелердің, түйіспесіз құралдардың, микроэлектрониканың, есептеу техникасы және ақпаратты тарату жүйелердің

элементтері мен құрылғыларының қолданылуы).

Электрлі орталықтандырудағы басқару мен бақылау объектілері болып электр жетекпен жасақталған бұрмалар, бағдаршамдар және электрлі РТ-тері табылады.

Бұрма мен бағдаршамдардың басқару постынан алыстауына байланысты басқарудың келесі әдістері қолданылады:

- тікелей, бекет көлеміндегі бұрманың әрбір электржетегі мен бағдаршам кабельдің жеке өзекшесі бойынша басқарылады;

- кодалық, ТУ телебасқару кодалық сигналдарды берудің басқару постынан алыстағанда бұрмалық электржетектері мен бағдаршамдары жалпы сызықтық тізбек бойынша басқарылады. Басқару постынан алыстауына байланысты бұрма, бағдаршаммен РТ-дің күйін бақылайды:

- үздіксіз, бекет көлеміндегі әрбір бұрма, бағдаршам мен РТ кабельдің жеке өзекшесі бойынша бақыланады;

- спародикалық, барлық алыстатылған объектілер ТС телесигнализацияның кодалық сигналдарды таратудың жалпы сызықтық тізбек бойынша бақыланады. Әрбір кодалық сигнал ТС бақыланатын объекттің күйі өзгерген кезде ғана бір рет беріледі және бұл күйі сақталынып тұрғанша қайталанбайды;

- циклдық, барлық алыстатылған объекттер үздіксіз қайталанылатын циклдардың жалпы сызықты тізбек бойынша бақыланады. Объектінің бірде-бір күйін бақылау көп рет қайталанылады, ал бұл бақылаудың дәлдігі мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

1.2 Жоламан бекетінің сипаттамасы

Жоламан бекеті Қосқұдық – Сары-Өзек телімінде орналасқан. Бұл телімге келесі бекеттер кіреді: Алтын дала, Дала, Жоламан, Сайлы, Малай-Сары, Тары, Балғалы, Дос. Телімнің жалпы ұзындығы – 83 шақырым құрайды.

Жоламан бекеті Алматы-Сары-Өзек участогының жол жағдайын, бұрма секциясын, бұрмаларды, жақындау участкелерін, Жоламан-Сайлы, Жоламан-Дала аралықтарында қозғалыс бағытын, кіру және шығу сигналдарының жағдайын бақылайтын орталық басқару ДНЦ бақылау пультінде орналасқан.

Бекет сигналдармен және электрлік орталықтандырылған бұрмамен жабдықталған. Жоба ТР-41 альбомы бойынша орындалған. Пойыз тартымы – дербес (тепловоздық).

Бекетға екі жолмен кіруге болады:

- Дала бекеті жағынан – біржолды, тұрақты токтағы рельс тізбектерімен,импульсты қоректенумен, біржолды жүйесімен АБ жабдықталған.

- Сайлы бекеті жағынан – біржолды, тұрақты токтағы рельс тізбектерімен, импульсты қоректенумен, біржолды АБ жүйсімен жабдықталған.

ҮАЛС құрылғыларымен барлық жолдар қамтылған, сондай-ақ ІІ жолдан жөнелту және қабылдау маршрутындағы бұрма секциялары жабдықталған.

Берілген бекет қызып кеткен букстарды және пойыз жүруі кезінде тежелген дөңгелектерді автоматты табатын КТСМ-02 қондырғыларымен жабдықталған.

Бұрма жағдайын, сигналдарды, қабылдап-жөнелту жолдарын және бұрма жолдарынының жағдайын бақылау үшін ДСП бөлмесінде УП-1 типті пульт-табло орналасқан.

Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін жоғарылату мақсатында ЭО-мен жабдықталған бекетте бағдаршам ашылмай қалған жағдайда бұрма тұйықталуын қамтамасыз ету үшін электрлік орталықтандыру қондырғылары енгізілген.

ДСП ғимаратында келесі байланыс түрлері енгізілген:

-пойыздық радиобайланыс.

ДСП ғимаратында ДХ-500 аппаратурасы қондырылған,ол арқылы келесі байланыс түрлеріне қосылу орындалады:

- пойыздық диспетчерлік;

- бекет аралық;

- сызық-жолдық;

- электромеханиктердің қызметтік байланысы;

- энергодиспетчерлік байланыс.

Жоламан бекетіңің орталығында 12 бағдаршам бар. Кіру бағдаршамдары Ч және Н, шығу бағдаршамдары Н1,НІІ, ЧII, Ч3, Ч4 –діңгекті, ал шығу бағдаршамдары - Ч1, Н3, Н4 – ергежейлі, шығу синалдарының қайталағыштары ПН1, ПНІІ-ергежейлі, қайталау бағдаршамдарының қалыпты сиганалды оттары жанбайды, және осы жағдайда бағдаршамдар сигналдық мағынаға ие емес.

Пойыздық бағдаршамдардың қалыпты жағдайы – тиым салушы. Сигналдар маршрут дайындалған соң пойыздық диспетчермен ашылады. Бекетны қосымша басқаруға берген кезде бекет кезекшісі ДСП, сигналды пульт-таблосынан ашады.

Кіру бағдаршамдары пойызды шақырушы қосымша сигналымен және маневрлік сигналымен қабылдауға рұқсат береді.

Шығу бағдаршамдары келісілген жолдан пойызды аралыққа жөнелтуге рұқсат береді.

Пойыздық бағдаршамдардың барлығы линзалық, ДНЦ мен басқарылады, ал бекетті қосымша басқаруға берген кезде басқару ДСП пульт-табло арқылы жүзеге асырылады

Бекетте орталықтандыруға 4 жол қосылған, оның ішінде:

а) 1П - қабыдап-жөнелту, тақ жолда тоқтаусыз қозғалыс қарастырылған ҮАЛС құрылғыларымен жабдықталған, екі бағыттада жол шегінде кодаланады.

б) ІІП - қабылдап-жөнелту, тақ және жұп бағыттарда екіжақты қозғалыс қарастырылған, ҮАЛС құрылғыларымен жабдықталған, екі бағыттада жол шегінде кодаланады.

в) 3П - қабылдап-жөнелту, жұп бағытта тоқтаусыз қозғалыс қарастырылған, ҮАЛС құрылғыларымен жабдықталған, екі бағыттада жол шегінде кодаланады.

г) 4П - қабылдап-жөнелту, ҮАЛС құрылғыларымен жабдықталған, екі бағыттада жол шегінде кодаланады.

д) бұрма секциялары - 4, оның қатарында ЧСА, НСП – ІІ жолдан қабылдап-жөнелту маршруты кодаланады.

- 5СП - ҮАЛС қондырғыларымен жабдықталмаған;

- 8-12СП - ҮАЛС қондырғыларымен жабдықталмаған;

е) габаритсіз телімдерде -1, сондай –ақ:

-5СП ІІ жолдан қабылдап-жөнелту маршрутында габаритсіз болып табылады.

5СП бұрмалы секция бос емес болған кезде ІІ жолдағы кіру сигналы Н ашылмайды, шығу сигналы ЧІІ ашылмайды.

Орталықтандырылған бұрмаларды басқару және бұрмалардың жағдайын бақылау Жоламан бекетінде пойыздық диспетчер арқылы іске асырылады, ал бекетті қосымша басқаруға берген кезде бұрмаларды ауыстыру түймесінің көмегімен ДСП пульт-табломен бекет кезекшісі орындайды.

Бекеттегі орталықтандыруға – 7 (1, 3, 5, 10, 12 – жалғыз, 6/8 – қосарланған).

Бекетде жергілікті қорекпен бұрмаларды басқару төртсымды сұлба қарастырылған. Бұрмаларда 30В МСП – 0,25 типті электрқозғалтқыш, СП-6 типті электржетек қондырылған.

СОБ қондырғылары орнатылған аралықтар - аралық құрылғыларының бекеттік байланысын, аралықтың бос немесе бос еместігін, телімнен жақындауын немесе алыстауын бақылауды жүзеге асырады.

1.3 Болашағы зор микропроцессорлық орталықтандыру жүйесін таңдауды негіздеу

Қазақстан Республикасының темір жолдарының электрлік орталықтандыру жүйелерінде осы күнге дейін элнктромагнитті релелер қол-данылып келе жатқандығы белгілі, бірақ өндіріс бір орында тұрмай әрқашан даму үстінде болады.

Бекеттегі жүк айналымын ұлғайту, жылжымалы құрамның өтуін жылдам тіркеу және пойыздардың, локомотивтердің және жеке вагондардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін ақпараттарды алуқажеттіліктері туындады. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында бекетті микропроцессорлық орталықтандыр құрылғыларымен жабдықтау қажет.

Жалпы микропроцессорлық орталықтандыру жүйелері:

- қауіпсіздік деңгейін жоғарылатады;

- айтарлықтай аз орын алады

- электр энергиясын біршама аз тұтынады;

- құрлыс-монтаждық жұмыстар көлемін азайтады және эксплуатация шығындарын төмендетеді.

МПО жүйесінде пойыздардың кешігуі, блоктар мен релелердің түйіспелерінде перемычкалар орнату, СОБ обьектілерінің жағдайы туралы жалған ақпараттың берілуі сияқты жағдайлар тіптен болмайды.өйткені бұл жүйеде релелік элементтер он есе аз, сонымен қатар олардың жұмысы логикалық тексеріліп тұрады.

Электрондық технологияны пайдалануына байланысты МПО бұдан басқа да өте жоғары сенімділік көрсеткіштеріне ие және негізгі элементтерді 100% резервтейді, сонымен қатар элементтердің ақау алдындағы жағдайын анықтап, оны электромеханиктің жұмыс орнындағы экранға шығаратын өзіндік диагностикалау жүйесі болады.

Сонымен қатар МПО – тасымалдау үрдістерінде және темір жол көлігінің құрлымдық бөлімшелерін басқаруда бірқатар жетістіктерге ие екенін айта кету керек. Ол біріншілік ақпарат алу көздерімен жоғары деңгейлі басқару жүйелерін байланыстырушы ыңғайлы түйін қызметін атқарып, оларды қосымша сәйкестендірусіз қарапайым әдіспен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Жиырмасыншы ғасырдың орта түсынан бері қолданылып келе жатқан эксплуатациялық ресурсы таусыла бастаған, моральды және табиғи тозу үстінде тұрған бекеттік автоматика және телемеханика құрылғыларын қазіргі ғылымның жетістіктерінің бірі МПО жүйелеріне алмастыру арқылы жүк тасмалының көлемін, жылдамдығын және қауіпсіздігін арттыру қажеттіліктері туындап отыр.

Осы мақсатта жоғарыда сарапталған бірнеше жүйелердің ішінен белгілі ерекшеліктері мен артықшылықтарын ескеріп, “Диалог-Транс”-тың электрлік орталықтандыру жүйесін, берілген стансаға енгізу сөз болады. Қазіргі кездегі дамыған мемлекеттердің темір жол тораптарында қолданылып жүрген микропроцессорлық жүйелерге тән барлық қасиеттерге ие, осы бір Ресейлік жұйені енгізу құрлыстың, қызмет көрсетудің және техникалық шығындарды қысқартумен қатар, бүгінгі күнде Ақтоғай-Достық темір жолында осы жүйенің диспечерлік орталықтандырылуы енгізілуіне байланысты, мамандарды қайта дайындау мәселесінде біраз тиімділіктер туындайды. Сонымен қатар еуропалық емес ресейлік болуының өзі тасмалдау, кейін қосалқы бөлшек жекізу үрдісінде жеңілдіктерге қол жеткізетініміз сөзсіз.

Микропроцессорлық орталықтандыру жүйесі қауіпсіз әрі денгейін жоғарлатуда және бұл жүйе кіші көлемде орын алады, аз мөлшерде электро қоректі тұтынады құрылыст – монтажды жұмыс көлемін кішірейтеді .

Орталықтандырылған релелік типті жұмысын жүргізу барысында монтажды сөндіргенде желілерді контакті блоктармен релелерді шатастыру мүмкін. Бекеттің кезекшісісінің ісі протоколға тіркеліп және белгіленген уақытқа дейін сақталады. Орталық компютер типте бұл жағдайда жоғарғы көросеткішті сенімділігі электронды технология қолдану мүмкіншілігі арқасында және 100% ыстық резервивті элементтер жүйесі қолданады .

Мықты жүйенің өзіндік диагностикасы арқылы орталықтандырылған элементтер істен шықпау жағдайын табады, барлық істен шыққан жағдайларды бақылап электромеханикалық жұмыс орны экранына шығарып көрсетеді .

Орталықтандырылған процессор кабелімен жалғанғнан және нысана бақылауы сақина сұлбасымен анықталады бұл бір жердегі кабел зақымы бүкіл жүйеге зақымын тигізбейді, бұдан басқа бұл сұлбаға волокон – оптикалық кабелді қодануға болады сонда барлық электромагнит әсерін тигізбейді және орталықтандыру орнын кабелдік өрттен сақтайды .

Релелік орталықтандыру жұмыс тәжірибесіне негізінен жоғарғы материялдар және жұмыс күшін талап етеді. Біріншіден ол үшін көптеген электромагниттік реле қажет (1 бұрмаға 100 шт) орталықтандырудың жұмыс басын тексеру қажет жұмыс тәжірибесі кезеңінде белгілі айналыммен жүзеге асырылады.

Бұдан басқа пульт басқарудың қызметіне аз уақыт шығындалады және тақта магистральді кабель байланысы болады.

Орталықтандырылған компютер типі ақпараттық тех ендіру барысында ие болады. Темір жол көлігінің құрылымдық бөлімшелерінде тасымалдау үрдісінде және бақылау жұмысы жеңілдейді және қосымша құрылымсыз оңай жолмен байланыстыра алады ондай істі релелік орталықтандыруда жасау мүмкін емес еді.

Компютерлік орталықтандыру жұмыс тәжірибесіне енгізу барысын посттық құрылғылар орналасатын бөлмені соғуды қажет етпейді. Бұл үшін арнайы посттық ғимараттар пайдаланады немесе басқа қызметті – техникалық ғимараттар қолданады. Бұл деген ЭО релелік типтің жұмыс тәжірибесі үшін өте қажет.

Бұдан басқа бағасыда арзандайды және құрылымдық монтаж уақыты қысқарады . (Статив, кабель және реле саны қысқарады.) және т.б.

Орталықтандырылған компютер Ebilock - 950 жүйесі осындай көптеген басымдылығымен ие болып келеді.

Ресей темір жолында техника-технологиялық барлық сұраныстарына жауап береді.

Бұл жүйені енгізу үшін МПС РФ басты бақылау белгі беру және байланыс лауазымды кісілердің көмегімен жүзеге асырылды.

Бірінші қадам ретінде НШ ЖА жұмысы іске асырылды. ГТСС және ПГУПС зертханасы компютерлік орталықтандырудың техникалық тапсырмасын жүзеге асырды,содан бастап (МПО) атына ие болды. Жүйенің ауыр жұмысы мен көлемін техникалық тапсырма анықтап берді. Темір жол автоматика және телемеханика ПГУПС зертханасында қауіпсіз және электромагниттік беріктігін Ebilock-950 жүйесі сертификаты өтті. Темір жол жүйесін тексеру барысында жай бұйрықпен пойз бағытын тоқтату бұл тек барлық жағдай орындалу керек; жолдың бостығы, секцияның ашық болуы бұрманың бақылануы, маневрлік бағыттың болмауы. Бұрмалар, белгілер және жолдар аналогты қызыл шитке енгізу функциясы жүзеге асырылады. Жүйенің өзегі болып орталық процессор болады, бұл қауіпсіз тұрде барлық қарым қатынасты орындайды ЭО бұрмамен белгі беру соның ішіне кіреді. Бұл тағы (АРМ ДСП және АРМ ШН) жүйелері бақылауымен тығыз қарым қатынаста болады, және бақылау бөлме жүйесіде кіреді, сонымен қатар бұрмалы жетек, белгілер, интерфейсті реле кіреді. Осы арқылы релс тізбегінің жағдайын көрсетеді бұл компютерлік орталықтандыру мен байланысқан және байланыс жүйенің бақылаушылары орталық компютерге еніп және электро қорек жүйесіде кіреді.

Істен шыққан жағдайда жағдайына ауысады европалық нормасына сай стандортизация комитеті электротехника (Celenec) аумағында бағдарламалық жүйенің қағидасына сай Hardware аппаратын жасап шығарды.

Темір жол бекеттерінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз етуде компьютерлік орталықтандыру жүйелері алдыңғы орында түр. Осыған орай дипломдық жүмыста бекеттегі бүрмалар мен бағдаршамдарды орталықтандыру үшін Ebilock-950 жүесін таңдау тиімді болып табылады.

Микропроцессорлы жүйелер қауіпсіздік деңгейін арттырып, айтарлықтай аз ауданды алады, электроэнергияны аз қорек етеді, құрылыс монтаждық жүмыстың көлемін азайтады жэне пайдалану шығындарын азайтады.

Релелік типті орталықтандыру оның пайдалануына кеткен материалдық жэне еңбектік шығындарын көп қажет етеді. Біріншіден, бұл элекромагнитті релелердің көп санына байланысты, бұл релелерді орталықтандыруға енгізгенше тексеру керек. Бүдан басқа, басқару пультіне, табло мен магистральдық кабельді желісіне қызмет көрсетуіне көп уақыт кетеді.

Компьютерлік типті орталықтандырудың ақпараттық технологияларды тасымалдау процессіне енгізуде жэне темір жол көлігінің құрылымдық бөлімшелер жүмысын басқаруда бір қатар артықшылықтар бар.

Компьютерлік орталықтандыруды посттық құрылғылары орнатылатын бөлмелерді құрмай-ақ пайдалануға енгізуге болады. Бұл үшін барлық посттардың ғимараттары қолданылады немесе басқа қызметтік-техникалық ғимараттардың бөлмелері де жарайды. Бұл релелік типті ЭО модернизациялауда өте маңызды.

Бұдан басқа, құрылыс-монтажды және іске қосу-жүмыстардың құндылығы төмендеп, мерзімі қысқарады.

Электрқоректендіру жүйесіне аса назар аудару керек. Соңғы уақытқа дейін СОБ-ның электронды құрылғыларының кепілдік жүмысын қамтамасыз ететін сенімді жүйе болмады.

Ebilock-950-де қызмет көрсетілмейтін аккумуляторлық батареясы бар үздіксіз қуатты қорек көзі қолданылды. Бұл аккумулятордан электрондық құрылғылар, РТ-тері, электр жетектері, сигналдар, релелер қорек алады. Бұдан басқа, жүйеде желідегі бөгеуліктер көзінен қорғайтын арнайы аппаратура қолданылады, ал құрылғыларды жерлету ережелерінің бір қатар айырмашылықтары бар.

Ebilock-950 жүйесіне интегралданған АБТЦ құрылғылары «РФ-ның темір жолдарын техникалық пайдалану ережелерінің» талаптарына сәйкес келеді. Ал, бұл релелік элементті базада құрылған автоблоктауға тән емес АБТЦ бірқатар функциялармен толықтырды: пойыз қозғалысының бағытының ауысу сүлбасын РТ-ді, бекеттің өтпелі мен шығу бағдаршамдардың тиым салушы сигналды көрсеткішін блоктау және деблоктау.

РТ-гі оның пойыз астында шунтталуы аяқталғанда автоматты түрде блоктанады да, пойыздың дүрыс өтуінде ғана блоктаудан шығарылады.

Автоблоктаудың микропроцессорлық жүйесі, релелік жүйесінде, аралыққа жөнетілген көрші бекетке соңғы пойыз келгенше қалыпты режимдегі пойыз қозғалысының бағытын ауыстыруын болдырмайды.

1.4 Қазіргі қолданыста бар жүйелердің салыстырмалы анализі

Электрлі орталықтандырудың негізгі түрі – релелік орталықтандыру. Мұнда басқару мен бақылау үшін пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жоғары сенімділікті релелік аппаратураны қолданады. Басқару аппараттарын түйіспесі бар басқару пульті немесе пульт-табло түрінде жасайды, ал бұл бекет бойынша кезекшінің жұмысын жеңілдетіп, маршруттарды орнату мен бағдаршамдарды ашу бойынша оның әрекеттерін жылдамдатады.

Бұрма саны 25-30 көп емес кішігірім бекеттердің бұрмалары орталықтандырылған басқарылу үшін мыналарды қолданады: жергілікті тәуелділіктері мен жергілікті қоректену көзі РЦМ бар релелік орталықтандыруды. Бұл жүйедегі релелік аппаратура мен қоректену көздерін бекет соңдары бойынша релелік буткаларда және батареялық колодкаларға орнатады. Басқару пульт түріндегі басқару аппаратын ДСП бөлмесінде орнатады. ДСП посты мен релелік будкалардың арасына және бұрмалар мен бағдаршамдар, бекеттің бұрмалар мен бағдаршамдарын тікелей басқарумен үздіксіз бақылау тізбегін іске асыратын кабельдер салынады. Түйіспені басу жолымен ДСП маршрутты орнатқан кезде әрбір бұрма жекеше ауысады, слардың ауысуының дұрыстығы туралы ақпарат алып, сигналды түйіспені басып бағдаршамды ашады. Маршрутты орнатудың мұндай әдісі бөлшекті деген атауға ие болды; орталықтандырылған тәуелділіктері мен жергілікті қорек көздері РЦЦМ бар релелік орталықтандыру. Бұл жүйедегі барлық негізгі релелік аппаратурана ДСП бөлмесінде немесе оның жанындағы орталық релелік будкаға орнатады. Релелік аппаратураның бір бөлігі бекеттің кіру мен шығу бағдаршамында орнатылатын релелік шкафтарға шығарады; қоректеу көздері бекет соңы бойынша батареялық шкафтарға және орталық релелік будканың қасына орнатылады. Бұл жүйеде тікелей басқару мен үздіксіз бақылаудың принципі және маршрутты орнатудың бөлшекті әдісі сақталынған. Ірі бекеттердің бұрмалары мен бағдаршамдарын орталықтандырылған басқаруы үшін келесілерді қолданады. Орталық тәуелділіктері мен бөлінген басқармасы РЦЦ бар релелік орталықтандырылуда.

Бүкіл релелік аппаратура, қоректену көзі және пульт-табло түріндегі басқару аппараты бекет территориясындағы орталық постта орнатылады. Пульт-таблода бұрмалық түйіспелер, олардың көмегімен маршрутты орнатқанда ДСП бұрмаларды бөлек ауыстырады және бағдаршамдарды ашатын сигналдық түйіспелері бар. Бұрма, бағдаршам РТ-ге кабель салады. Олардың өзекшелері бойынша бекеттің барлық нысаналарын тікелей басқару мен үздіксіз бақылау тізбектерін түзейді.

Орталық тәуелділіктері мен маршрутты басқармасы МРЦ бар релелік орталықтандыруды. Жекеше басқармасы бар жүйеге қарағанда берілген жүйеге маршрутты басқарма қолданылған. Пульт-таблода бұрмалық бұрғышымен мен сигналдық түйіспелердің орнына маршрутты түйіспелер орнатылған, олар әр маршруттың басы мен соңына орнатылған. Маршрутты орнатқан кезде ДСП маршруттың басы мен соңының түйіспелерін басады, содан кейін маршрутқа кіретін барлық бұрмалар бір кезде ауыстырылып, бағдаршам ашылады. Маршрутты басқару маршрутты орнатуды тездетіп, автоматтандырады. Егер де жеке басқарудағы ең күрделі маршруттың орнатылуы 30-40 секунт уақыт алса, маршрутты басқарудағы бұл уақыт 5-7 секунтты құрайды.

Блогты монтаждауда ірі бекеттер үшін атқарушы топтың типтік блогтары БМРО қолданылады, жекеше басқармасы бар блогты электрлі орталықтандыруды 30 орталықтандырылған бұрма бар бекеттерде қолданады. Бұл бекеттерде, пойыздықтан басқа, бекеттің әрбір ауқымында маневрлік маршруттар қолданылады. Жобалау жұмыстары мен монтаждың бір типтілігі және қысқартылуы үшін жеке басқармасы мен блогты монтажы бар релелік орталықтандыру қолданылады.. Басқару аппаратының ретінде желоб типті жарық сұлбасы мен сигналды бір контактілі екі позиционды түйіспелері бар пульт-табло қолданылады. Плюстік пен минустық күйлердің түйіспелерінің көмегімен бұрмалардың басқарылуы іске асырылады және де плюстық пен минустық күйлерді бақылау лампочкалардың көмегімен бұрмалардың күйін бақылау іске асырылады. Түйіспелер мен шамдар көлденең орналасады. Взрездің қоңырауынан бөлек, бұрмалардың взрезін бақылайтын бір топтық шамы ескеріледі. Бұрмалық жолдың телімінің РТ-терінің бостығын бақылаусыз бұрмалар ауыстырылады.

Маршрутты жасанды бөлудің топтық түйіспесі плонбаланбайды, бірақ та оның басылым санының механикалық санағышы ескеріледі. Жеке секциялардың жасанды ажырату түйіспелері де пломбаланбайды. Басты жолдағы кіру мен шығу бағдаршамдардың шақырушы шамдарын қосу түйіспелерін пломбаланбайды, оларда механикалық санағыштар болады.

Маршруттардың орнатылуы мен бағдаршамдардың ашылуы бекеттің жарық сұлбасының астында орнатылатын кішігабаритті екі позиционды түйіспелердің көмегімен жүзеге асырылады. Жеке басқармасы бар орталықтандырудың негізгі аппаратурасы, БМРО атқарушы топтағыдағы блоктар болып табылады.

ЭО-ның келешектегі жүйелері болып электронды мен компьютерлік табылады. Электронды жүйелерде релелік-түйіспелік аппаратураның орнына пойыз қозғалысының қауіпсіздігі бойынша барлық талаптарды орындайтын, орталықтандырудың жұмысын қамтамасыз ететін түйіспесіз элементін қолданады. Компьютерлі жүйелерді жалпы өндірістік тағайындалуы бар УВК қолданумен құрайды, олар пойыз қозғалысының графигіне сәйкес маршруттардың автоматты орнатылуын қамтамасыз етеді.

Бұрмалар мен «Диалог» сигналдарының микропроцессорлық орталықтандырылуы.

МПО «Диалог» жаңа құрылыс кезінде, толық немесе бөлшекті жаңарту кезінде бұрмалар мен бағдаршамдарды басқару құрылғыларымен бекетті жабдықтау үшін және бекеттік құрылғыларды ДО, ДК-мен СПД-ЛП жүйелеріне қосылу үшін арналады.

МПО «Диалог» – бұл пойыз қозғалысының қауіпсіздігінің талаптарын орындайтын бекеттегі маршруттардың орнатылуын, тұйықталуын және ажыратылуын қамтамасыз ететін микропроцессорлық құрылғылардың кешені.

МПО «Диалог» келесі функциялар интегралданады: электрлік орталықтандыру; ДЦ мен ДК жүйелерінің сызықты пункті; көрші бекеттерді телебасқару аппаратуралары; МАЛС посттық аппаратуралары; СОБ құрылғылардың қалыпты жұмысы бұзылғанда және пойыздардың бекеттерге және оларға қатысты аралықтарда пойыздар қозғалысында бекет бойынша кезекшінің әрекеттерінің логикалық бақылануы; байланыс арнасы бойынша тарату үшін ақпаратты дайындау және өңдеуде СПД-ЛП аппаратуралары; жолдардағы жұмыскерлерді хабарландыруды қамтамасыз етілуі.

МПО «Диалог» көмегімен бұрмалардың күйін бақылауға, олардың жұмыс режимдерін бақылау, олардың жергілікті басқаруға тарату, жол, бұрмалық пен жолдық телімдердің бағдаршамдардың, аралық, жақындау телімдері мен СОБ-ның басқа құрылғыларының күйлерін бақылауға; монитор экрандарында бақылау мен басқару объектерін айқындалуын; маршрутты беруге, оларды ажыратуға; маршруттарды беру кезінде және жеке объекттерді басқаруда пойыз қозғалысының қауіпсіздік шарттарын тексеруге; бұрмалар, бағдаршамдар мен СОБ басқа құрылғыларын, аралықтағы қозғалыс бағытының сұлбасын басқаруға; бұрмаларды және жолдық телімдерді сөндіруге және қосуға; бұрма басқармасын және бағдаршамдардың ашылуын блоктауға; күзетші бұрмалардың автоқайтаруын жүзеге асыруға; переезді сигнал беру құрылғыларын басқаруға; бекет бойынша кезекшінің бұйрықтарын енгізіп, протоколдап, қатты дискіде бақылау объектілері, басқару командаларын күйі мен ДСП әрекеттері туралы ақпаратты сақтауға; САУТ, МАЛС, КГУ, УКСПС, УТС жүйелерімен, бұрмаларды электроқыздыру құрылғыларымен, жолдағы жұмыскерлерге хабарландыру құрылғылармен өзара әрекеттесу; диагностикалық және анықтамалық ақпаратты көрсету мүмкін болады.

МПО «Диалог» ДО кезінде диспетчерлік телебасқару режимдерінде немесе маршруттық, жеке басқару режимдерінде бұрмаларды, бағдаршамдарды басқаруын және маршруттардың берілуін қамтамасыз етеді.

Маршруттық режимде МПО «Диалог» пойыздық пен маневрлік маршруттарды орнатады, берілген маршрутты шектейтін бағдаршамды ашады. Бұл кезде қажетті өзара тәуелділікті және бұрма мен бағдаршамдардың өзара тұйықталуын тексеріп, қауіпсіздіктің барлық шарттары қамтамасыз етіледі. Маршруттық режим негізгі болып табылады.

Жеке басқару режимінде МПО «Диалог» берілген объектке қатысты барлық тәуелділіктерді тексеріп, объекттерді жеке басқарады. Бұл режим бұрмалар сөндірілуі, жолдардың жабылуы және т.б профилактикалық және жөндеу жұмыстарда қолданылады.

Жауапты бұйрықтар режимінде МПО «Диалог» мыналарды жүзеге асырады: оқшаулағыш телімнің жалған бос еместігі кезінде бұрмалардың қосымша ауыстырылуы, жартылай автоматты блоктауда жасанды келуінің берілуі; жолдық және бұрмалық телімдердің жасанды ажыратылуы; шақырушы сигналдардың қосылуын; переезді ашады; кіру бағдаршам ашылғанда УКСПС бақылауын болдырмайды; маршрутты орнатпай-ақ бұрманы қосымша тұйықтайды; кешенді дөңесті құрылғыларды және станциондық тежегіш тіреулерін блоктайды, АБТЦ кезінде аралық пен телімді деблоктайды; сандық радиоарна арқылы пойыз қозғалысын басқару бұйрықтарын береді; осьтерді есептеу құрылғылардың көрсеткіштерін түсіріп тастайды; сигналды пайдалануын сақтауынсыз тәуелділігінен және сигналды пайдалануды сақтап, олардың макетке орнатылуымен тәуелділіктен бұрмаларды қосады.

Ақаулы объекттерді басқару бойынша барлық әрекеттер пультте орнатылған қорғау түймесі бар жауапты бұйрықтар режимінде орындалады. Бұл режимде бекет бойынша кезекші түймені басып АРМ-нен уақыттың белгілі регламенттелген интервалында бірінші жауапты атқарушы бұйрықты жібереді. Екінші жауапты атқарушы бұйрық біріншісінің қабылдануы нақтыланғаннан кейін белгілі регламенттелген уақыт интервалында жіберіледі. Және де уақыттың көрсетілген интервалында басқа бұйрықтарға тиым салынады.

МПО «Диалог» логикалық бақылайды:

- бұрма бақылануының секцияланбаған шығынын (ауыстыру уақытын ескере отырып);

- жалған бостығы және РТ-дің бос еместігін;

- маршрут орнатылуының дұрыстығын;

- бір шақырушы сигналының ашылуын;

- қосымша ауыстыру режиміндегі тек қана бір берілген бұрманың күйін өзгертуін;

- бағдаршамның тиым салу көрсеткішін басып өту;

- бекеттер мен аралықтардағы маршрутталған қозғалыста жолдық телімдердің бос еместігі мен босатылуының тізбектілігінен ығысуын болдырмау;

- сигналдық көрсеткіштің пойыздық күйімен салыстырғанда бағдаршам сигнализациясының дұрыстығын;

- бағдаршамның тиым салушы көрсеткішке ауысу себебі;

- маршруттың жасанды бөлінуі немесе болмауы, переезді сигнализацияны басқару кезінде уақыттың фактілік шыдамын және т.б.

Тұтынушылар бұйрықтарының көмегімен орнатылған күйде кез-келген бұрманы, және содан кейін блоктан шығару және жабық күйде кез-келген бағдаршамды блоктауға, жол мен секциялар бойынша қозғалысты жабуға болады.

Ebilock-950 жүйесінің бұрмалар мен сигналдардың микропроцессорлық орталықтандыру.

Соңғы уақытқа дейін Ресей жолдарында бұрмалар мен сигналдарды орталықтандыру жүйелерінде негізінен электромагнитті типті релелер қолданылған. Жол және Қатынас Министрлігінің Коллегиясының қабылданған ақпаратты технологияларды ендіру бағдарламасы темір жол көлігіндегі тасымалдау процессімен басқарудың көп деңгейлі жүйесінің төменгі түйіні ретінде бекетте қолданылатын техникалық шешілуі қозғамай өте алмады.

Микропроцессорлы жүйелер қауіпсіздік деңгейін арттырып, айтарлықтай аз ауданды алады, аз электроэнергияны жұтады, құрылыс монтаждық жұмыстың көлемін азайтады және пайдалану шығындарын азайтады.

Орталық процессордың (ОП) объектті контроллермен кабельдік жалғануы сақиналы сұлба бойынша жүргізіледі, бұл кезде кабельдің бір жерде үзілуі құрылғылардың қайтаруына алып келмейді.

Релелік типті орталықтандыру оның пайдалануына кеткен материалдық және еңбектік шығындарын көп қажет етеді. Біріншіден, бұл элекромагнитті релелердің көп санына байланысты, бұл релелерді орталықтандыруға енгізгенше тексеру керек. Бұдан басқа, басқару пультіне, табло мен магистральдық кабельді желісіне қызмет көрсетуіне көп уақыт кетеді.

Компьютерлік типті орталықтандырудың ақпараттық технологияларды тасымалдау процессіне енгізуде және темір жол көлігінің құрылымдық бөлімшелер жұмысын басқаруда бір қатар артықшылықтар бар.

Компьютерлік орталықтандыруды посттық құрылғылары орнатылатын бөлмелерді құрмай-ақ пайдалануға енгізуге болады. Бұл үшін барлық посттардың ғимараттары қолданылады немесе басқа қызметтік-техникалық ғимараттардың бөлмелері де жарайды. Бұл релелік типті ЭО модернизациялауда өте маңызды.

Бұдан басқа, құрылыс-монтажды және іске қосу-жөнделетін жұмыстардың құндылығы төмендеп, мерзімі қысқарады.

Осы барлық артықшылар компьютерлі типті орталықтандыруға Ebilock-950 тән. Ол ПГУБС, ГТСС, ВНИИУП қатысуымен «Бомбардье Транспортейшн (Сигнал)» Ресей-Швед біріккен мекемесімен ресей темір жолдарының техникалық және технологиялық талаптарына бейімделген.

Ebilock-950 жүйесінің объекттік контроллерлері отандық РТ-мен, сигнал, элекрожетектері, релелермен өзара әрекеттесуге мүмкіндік беріп, барлық автоблоктау, переезді белгі беру және т.б бар жүйелермен үйлестірілуін орындайды. Сондықтан да негізгі мәселелердің бірі-электронды орталықтандырудың шекараларын анықтау, релелік орындаудағы қалған құрылғылардың үлестіру үшін интерфейстерді өңдеу болып табылады.

Электрқоректендіру жүйесіне аса назар аудару керек. Соңғы уақытқа дейін СОБ-ның электронды құрылғыларының кепілдік жұмысын қамтамасыз ететін сенімді жүйе болмады.

Ebilock-950-де қызмет көрсетілмейтін аккумуляторлық батареясы бар үздіксіз қуатты қорек көзі қолданылды. Бұл аккумулятордан электрондық құрылғылар, РТ-тері, электр жетектері, сигналдар, релелер қорек алады. Бұдан басқа, жүйеде желідегі бөгеуліктер көзінен қорғайтын арнайы аппаратура қолданылады, ал құрылғыларды жерлету ережелерінің бір қатар айырмашылықтары бар.

Соңғы уақытта Ресей темір жолдарында электромагнитті типті реленің негізіндегі ГТСС өңдеп шығарған, тоналды РТ-тері мен аппаратураның орталықтандырылған орналастырумен (АБТЦ) автоматты блоктау қолданыс табуда. Автоблоктаудың кеңейтілген функционалдық мүмкіндіктеріне және пойыз қозғалысы кезіндегі шунтты жоғалту бақылауының күшейтілуіне байланысты жүйе громоздкая энергосиымды және қызмет көрсетуде күрделі болып шықты.

ЦШ МПС 09.10.2000ж бекітілген микропроцессорлы орталықтандырудың техникалық тапсырмасына қосымша ретінде ООО «Бомбардье Транспортейшн (Сигнал)» АБТЦ-ны Ebilock-950 бұрмалар мен сигналдарды орталықтандырудың компьютерлік жүйесіне интегралдады.

1.5 МПО Ebilock-950 жүйесінің құрылу және даму бағыты

Үш жылдан бері мамандар швециялық жүйені Ресей теміржолдың барлық талаптарына жауап беру үлесімен айналысқан, оны қолдануы және қауіпсіздіктің дәлеледенуі.

Бір уақытта құрылымдық және эксплуатациялық іс қағаздарын дайындады. Оқу және тәжірибе жинақтағаннан кейін мамандар шетел бірлестігі ООО «Бомбардье Транспортейшн (Сигнал)» түліктің толық қолдануға мүмкіндік берді. «Бомбардье» батыс фирманың талаптарына сай және жұмыс кезеңде көрсетілген. Жүйенің менеджмент санасы енгізілуде (ИСО 9001:2 Ebilock-950).

Бірінші жұмыстың көрсеткіші – МПО Ebilock-950 Калашниково бекетінде Октябрский жолында 1999 жылы маусым айында енгізу барысында көрсеткен. Бір жыл өткеннен кейін қабылдау комиссиясы күнделікті пайдалануға МПО-Ebilock-950 Ресей темір жолдарында ұсыныс жасады [11].

Ebilock-950 желтоқсан айында Кожухово-Канатчиково МПО автоблокировка тональдік рельс тізбегімен іске қосты. Жарты жыл өткеннен кейін күнделікті пайдаланылды және байланыс жолдарына көбейтуге ұсынылды. Ebilock-950 жүйесінің бағдарламасы толық қарастырылып барлық сынақтан өтті. Қазіргі уақытта жаңа редакциялық іс қағаздар дайындалған, қолдануға және құрылыс темір жол автомашина лицензиясы өтті.

Ережеге сай Ресей темір жолында 2004 жылы ақпан айында бағдарламалық қамтамасыз ету және іс қағаздарды алгоритм және бағдарлама МПС РФ (ОФАП) фондында сақтауға жіберілді.

Автоматика және телемеханика Департаменті қолдағаннан кейін микропрцессор Ebilock-950 бұрма және белгі беру орталығы көш бастаушы мамандар барлық технология жұмыс нормасына білім алып тәжірибеден өтті.

МПО-950 жүйесі мемелекеттік техникалық темір жол сертификатына ие болды. Содан кейін көлік министрлігі темір жол көлігінде және техникалық жөндеу жұмыстарын іске асырды.

Соған қарап 2004 жылы желтоқсан айында толық енгізу және жұмыс істеп ары қарай дамытуға заңды түрде толық мүмкіндік алды.

Әр кезеңде қысқа түрде қарастырайық.

Техникалық тапсырманың келісім шарт түрінде қолдану барысында қызығушылық танытқан мамандар барлық талаптар анықтап жаңа функцияны жасап шығарып, қосымша жинақтаушы жалғыз нысаналы бақылау (ОК) қолдану мүмкіндігін қарастырған.

Керек жағдайда құрамда жаңа шешімдер қарастырылуда. ТЗ толықтырылып содан кейін барып Автоматика және телемеханика Департаментінде бекітілді. «Бомбардье Транспортейшн (Сигнал)» көптеген оқу орындарымен бірлесіп жұмыс істеуде. Зертхана жүзінде олар бір жіпті және екі жіпті жоспар бекеттерімен жұмыс жүргізуде, кабельдік желісі, рельс тізбек және кодтау сұлбасы және басқа да релелік құрылғылар. Электрондық құрылғы, нысаналарға бөлуі интерфейстің жазылуы және мекен-жай фирманың түйіспесінде қалады.

Құрылыс оқу орнынан айырмашылығы ережеге сай осымен жұмысы аяқталады, ал «Бомбардье Транспортейшн (Сигнал)» бұл мәліметтер жұмысының басы болып табылады. Жұмыстың басында толық мәліметтер іс қағазы болу керек және жолдың техникалық талаптары құрылыс жүргізу барысында көп қателікті жібермеу үшін.

Ережеге сай 1 жыл алдында жобасы іске асырылады. Осы уақыт ішінде көптеген жолдық өзгеріс дамуы жаңа құрылғылар пайда болады және техникалық шешімдер. Осыған байланысты барлық проекті жинақтау керек. Әрқашан қызметші СОБ жолдары соңғы уақытта ғана хабарлайды немесе бұл тестілер барысында көрінеді.

Өзгеше іс қағаз ретінде «Описание интерфейсов» деп аталады. Бұл кіру немесе шығу функциясын суреттейді. Іс қағазда барлық орталық процессор алгоритм жұмысының өзгеруін егер де жаңа шешім болса.

Мысалыға интерфейстік реленің жұмыстың жазылу барысында барлық функционалдық бағынуын және қажетті талаптар іске қосылуы немесе реленің токсық қалуы.

Кіру функция барысында анықталады, қандай жағдайда бұл ақпарат қолданады: іске асыру бағынулары, индикациялар, алармдар, т.б.

Бұрынғы кезде, ескі релелік жүйелерде, алгоритмде аңдуға боладытн еді принципиалдың сұлбаның көмегімен. Әрине бағдарламаны іске асыру барысында релелік аналогты алуға болады, бірақ бағдарламашыларға бұл әрқашан түсініксіз болатын, өйткені темір жол автоматика маманы әрқашан болып табылмайды.

Бағдарлама релелік аналогты толық қайталамайды: кіру шарты және соңғы көрсеткіші есепті шығару үшін бірдей, бірақ жолдар жетектігі нұсқауланады. Сол үшін интерфейсте нақты талаптар жазылады: функцияның толық жұмысын қамтамасыз етіп, поездың жүру тәртібін реттеп тұру керек.

Жұмыстың алгоритмі «Сценарий» іске асыру, барлық мүмкін нұсқау (орындалатын және орындалмайтын). Бұл сөз түрінде жазылу мүмкін, алгебраның сан немесе сурет түрінде, барлық мүмкін нұсқауы таңдалады (мысалы, берілген бағыт талабы).

Басқа сөзбен айтқанда СОБ суретінде «Азбука» құрылады. Қарқынды енгізу микропроцессорлық жүйе автоматикасы, ақпараттың бағдарламалық комплексі бар оқуы қиын және жұмыстың принципін жеткізу темір жол автоматика жүйесі релелік сұлбаның құрылу неігізнде.

Біріншіден оның орнына «Сценарий» атымен СОБ құрылғы жұмысы келеді. Осыдан міндетті түрде кітапхана ашу керек.

Көптеген жаңа фирма шығарушы микропроцессорлық СОБ жүйесі пайда болумен олар әртүрлі жолмен шығарса да бірақ функциясы бір.

Департамент автоматика және телемеханика негізгі алгоритм дәрежесінде оқытады. Бұл бір талапта жүрудің қауіпсіздігімен бақылауына мүмкіндік береді.

Жарқын мысал ретінде келесі мәселе «Сценария» европалық жүйесі пойыздардың жүруін бақылау (ЕRTMS) болып табылады.

Көптеген батыс европалық елдерде қатысады және негізгі фирма шығарушылар. Бұл іс қағаз барлық фирмаға ортақ болып табылады.

«Бомбардье Транспортейшн (Сигнал)» мамандары 100-ден астам алгоритмдер СОБ құрылғының жұмысын ойлап тапқан: жергілікті басқару, тежегіші қарқынды бақылау, байланыстың әртүрлі типтерімен, автоблокировка және сұрыптау қырымен, өшіру бұрмасы сақтап қолдану белгі беру және т.б. бұл жерге әрине МПО Ebilock-950 алгоритм жұмысы интегралданған оның ішінде АБТЦ.

Бұдан басқа бағдарлама және сынау методикасын ойластырып шығару (функцияның тексеру кестесі), ал кейін Автоматика және телемеханика Департаменті дәрежесінде тіркеуге болады. Кестеде барлық жағдайлар көрсетілген «Сценарияда» жазылған барлық мүмкін болатын нұсқаулермен комбинациялар.

Келесі кезең – жобаның іске асыруы, келісім шарт арқылы құрылғыны жеткізу және монтажды-құрылысты жұмысы. Ережеге сай көптеген нысаналар сәйкесінше орталық бағдарлама дамуы ЖАТ құрылғысы, жыл сайын бекітілген және қаржыға да байланысты. Соның нәтижесінде уақытша үзіліс жобаның құрылыуы және оның іске асырылуы.

Іске асу кезеңі құрудан басталады (жолдың дамуы өзгеруіне байланысты, жаңа құрылғылар пайда болады). Содан кейін бағдарламалық қамтамасыз ету өңделеді, негізгі қарым-қатынасты анықтайды нақты бекеттегі орталық процессор үшін. Егер нысана типтік құрылу және жаңа функциясы жоқ, дайын алгоритмдер алынады және салыстыру блоктары кейін ақпарат базасына жазылады.

Жайсыз жағдайда тіркелген алгоритмдер команда бағдарламашылар жобаның іске асырылуы көрсетіледі және жаңа панель салыстыруы өңделуде. Іске асыру үшін мүмкін болатын өзгерістер жіне белгілі бір адам арқасында бұл іс қағаз кез келген бағдарламашыға түсінікті болу керек. Ары қарай арнайы бағдарлама көмегімен келешекте жаңа пакет теңдеуі тексеріледі және жұмсалады берілген нысанаға.

Шығу мәліметтері ОП орталық процессор үшін шығысы болып табылады. Нысаналы бақылаулар және бекет кезекшісі және қызмет ету мүшесі.

Параллель ОП өңделгенде заводқа құрылғыны тапсырыс береді. Одан кейін оны жинақтап және АРМ үшін бағдарлама жазылады: бекеттің кезекшісі электромеханиктер аппараттың бағдарлама комплексі жүйе тестілеу мақсаты құрылғының дұрыстығын тексеру және ОП дұрыс жазылуы. Тесттің оңды өту көрсетілімі мәліметтер базасы тексереді, осы нысанаға жазылады.

Келесі кезеңде тексеру барысында көп пойыз қате жіберілгенін көрсетеді. Оларды жойғаннан кейін бағдарлама жұмыс істеуге жарамды болып табылады және бірінші кезең басталады. Тапсырыс берушінің көзінше тестілеуді бастайды (СОБ қызмет ету жұмысшы).

Тіркелген методикаға байланысты сынау барлық бағыттың өтуін тексереді. Командалар индикациялар және барлық қарым-қатынастар. Тестілеу бірнеше кезеңнен тұрады, барлық қате жойылған кезде ғана тоқтайды.

Әр кезеңде сынаудың акті жазылады және протокол фиксациясы бағдарламасының қамтамасыз ету нөмірі орталық процессор үшін және АРМ үшін соңғы сатысына акт жазылып тіркеледі, ал бақылау экземпляры ПО компакт-дискке жазылады. Оның көшірілімі мен акт бірге СОБ қызметіне жіберіледі және бекетте, бір нөмірлі фирманың мұражайына сақталады. Бұдан кейін бағдарламалық қамтамасыз ету өзгертуге рұқсат бермейді.

Осы уақытта шкафтар нысаналы бақылауымен және орталық шкафпроцессоры тестілеуден өтеді. Нысанада құрылысшы-монтаж жұмысы жүргізіледі (кабель жүргізу, бағдаршам орнату электржетек релелік статив және т.б.).

Электрлік құрылғыны жеткізгеннен кейін фирма шеф монтажды жұмысты іске асырады, соңында нысаналы тестілеу жүргізіледі. Жүйенің бір байланысқа біріккеннен кейін толық сынаудан өтуден дайын.

Қанша дегенмен жүйе барлық тестілеуден өтті. Пойыздық жүру қауіпсіздігі толық іске асырылады. Осы уақытта жұмысшы мүшелері толық білім алып сертификатын алады.

Кепілдік уақыты 1-2 жыл тапсырыс беруші адамға байланысты. Осы уақытта фирма жүйенің барлық жұмысын аңдып қарастырады. Ақау кеткен жерді жағып көптеген жерде толықтыру және әр уақыт сайын жұмысшыны біліммен толықтыру.

Бүгінгі күнге дейін 40 бекетте (1200 бұрмадан жоғары) және 150км перегонға жуық Ebilock-950 жүйесімен жабдықталған. Осыған байланысты фирма көп көңілді сервистік қызмет ету сұрағына бөледі.

Иркутскіде арнайы бөлім және филиал құрылды.

Негізгі мақсаты болып жұмыстың жоғарғы дәрежесін ұстап тұру, талдау, ақау болдырмау. Бұл аппараттың сенімділігі арқылы қол жеткізген.

Бұдан басқа тәулік бойы барлық Ресей аумағымен тікелей байланыста болады.

Аралық бекетте диспетчер қызметшісінде ұялы телефон номері болады және фирма сервис бөлімшесінде оперативті номер телефон болады, қажет болған кезде консультация алады.

Бөлім сервисінің отделы әрқашан нысанаға соғып тұрады жұмысты анализдейді және эксплуатация жүйесі режимін анықтайды.

Ақау кеткен уақытта оларды жою үшін бірінші сұрап білу керек. Керек болса құрылғыны ауыстырады және қызметші мүшені қайталап оқытады.

Сервистік қызмет көрсету бөлімшесінде іс қағазда техникалық мазмұны көрсетілген, ПО көшірмесі бақыланады, құрылғысы орталық қоймада және оның филиалында.

Сервистік қызмет ету жолдарында типтік келісімдер бар, осыны қарастырады. Қайсыбір өзгерістер жағдай кезінде (мысалы, қосылу немесе бұрманың өшуі және т.б.) бөлімшенің мамандары дайындау жұмысын жүргізеді. Іс қағазда өзгертулер енгізіледі, ПО өзгерісіне тіркейді және тесттен өткізеді және жаңа ПО нысаналы құрылады. Бұл жұмыстар бөлек іс қағазбен жасалады.

Сервистің қызметінің дамуы МПО жұмысының мониторингі жолдардың орталықтарында, Бомбардье орталық офисінде, СОБ бекеттерінде және жолдарында қосалқы қоймалар құрылған. Қоймада орталық процессор, қорек көзі құрылғысы, шкафтар, нысаналы бақылаулар және барлық номенклатура заты, жолда қолданылады.

Орталық қойма толық жинақы дайын түрде болу керек кез келген уақытта құрылғысы жеткізуге дайын болу керек.

Сервистің орталығында жолдарда және орталықта мамандарды дайындау қажет, олар жүйенің толық жұмысын қамту керек құру ПО және өзгерістерді енгізеді.

Бұл барлық сұрақты шешеді. Кепілдік жұмысын қамтамасыз етеді. Жүйенің кез келген жағдайда.

Әр ірі фирма саудада жұмысын жеткізу, әрі кепілдігі 20 жылдан жоғары. Келесі фирмадан айырмашылығы нақты есептеліну үшін үйде сақтау ПО құрылғы жүйесі іс қағазы бар. Мамандарға бағынбайтын осы жүйені шығаратын немесе бағдарлама құруды.

Қазіргі уақытта үлкен қарқында МПО Ebilock-950 жүйесін енгізуде. Келешекте барлық бақылау нысаналарын рельс тізбегі, теміржолда жұмыс істеу және басқаруды нысаналық бақылау ауыстыру. Шетелде қарқынды радиоарна пайдаланатын пойыздарды басқару жүйесі енгізілуде. Біздің ұсынылып отырғанымыз осы жүйені Қазақстан теміржолында пайдаланып жатқан ескірген жүйелерді келесі жаңа платформа Ebilock-950 жүйесіне өту.

1.6 Ebilock-950 жүйесінің сипаттамасы

Ebilock-950 келесі негізгі бөліктерден тұрады:

1) басқару объектілерінің күйін басқару және бақылау құрылғылары (бекет кезекшісінің, электрмеханиктің, вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің операторының және бұрмаларды жергілікті басқару операторының автоматтандырылған жұмыс орны);

2) орталықтандыру тәуелділігін өңдеу құрылғысы (орталық процессорлық құрылғы);

3) монтаж изоляциясының кедергісін бақылаудың енгізілген құрылғысы бар объектілік контроллерлер (СОБ алаңдық объектілеріне интерфейстік құрылғылар);

4) басқару объектілерінің күйі туралы ақпарат және байланыс тұзағы арқылы орталық процессорлық құрылғылармен және өзара қосылатын олардың жағдайының өзгеруіне трансляция концетраторлары.

5) комплектация элементтерінің істен шығуларды жеке баспа платаларының локализациясына мүмкіндік беретін юиагностика құрылғылары.

6) СОБ басқарылатын және бақыланатын объектілері (бұрмалық электр жете



Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

1 + 2 =